Заң керуені Байзақта

159

Бүгін «Заң керуені» акциясы аясында көшпелі жиналыс өтті. Жамбыл облысы прокуратурасының 1-басқарма бастығы Жомарт Науатов, аудан прокуроры Жандарбек Сұлтанбекұлы және аудан әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков Жаңатұрмыс, Мәдімар және Бурыл ауылдық округтерінің халқымен кездесті.


Оған облыс прокуратурасының салалық басқарма өкілдері, оның ішінде басқарма бастықтарының орынбасарлары мен аға көмекшілері, облыс әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, облыстық ПД-нің көші-қон қызметі басқармасының және облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі және аудандық полиция бөлімінің басшылары қатысты.
Жаңатұрмыс ауылынан бастау алған жиынды аудан прокуроры Жандарбек Сұлтанбекұлы жүргізіп отырды. Мұнда жыл басынан бері 15 қылмыстық іс тіркеліп, оның 11-і ашылған. Осыған байланысты алдымен округ әкімі Асқар Прманов атқарылып келе жатқан жұмыстарды айта кетіп, бүгінгі таңда маңызды деген мәселе жол және жайылым жер екенін жеткізді. Ал, жоғарыда айтылған қылмыстық дерек бойынша жергілікті учаскелік полиция инспекторы Руслан Сейітханға талдау жүргізуін тапсырды.

Интернет торабы бойынша Жамбыл облыстық білім басқармасының Байзақ ауданы білім бөлімінің басшысы Нұрболат Мамырбаев жауап берді. Жайылым мәселесі өзекті болғандықтан алдағы уақытта оң шешімін табылу жолдарын қарастыратын боламыз деді аудан әкімінің орынбасары Б. Сағынбеков.
Бұдан кейінгі кездесу Мәдімар ауылында жалғасты. Онда ең алдымен сөз алған ауыл әкімі Мейірбек Ноғаев ауылда атқарылған жүйелі жұмыстарға тоқтала келе, тұрғындар тарапынан ешқандай арыздың жоқтығын жеткізді. Қылмыстық іс бойынша 9 айлық көрсеткішке сүйенсек барлығы 6 қылмыс тіркелген. Оның үшеуі ашылып, қалған 3 іс бойынша бүгінгі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатқандығы айтылды. Бұл бойынша тексеру жүргізу жергілікті учаскелік полиция инспекторы Жамбыл Қойшымбетовке тапсырылды.
Кезекті кездесу Бурыл ауылдық округінде өтті. Мұнда жыл басынан бері 41 қылмыс тіркеліп, оның 33-і ашылды. Жалпы көрсеткіш 80,4 пайызды құраған. Жиында алдымен ауылдық округ әкімі атқарылған жұмыстарды қысқаша айта келіп, алдағы істелетін жұмыстардың басты-бастыларына тоқталып өтті. Қылмыстық деректер бойынша есеп берген жергілікті учаскелік полиция инспекторы Айдын Қорғанбайға жүктелді. Жиынға қатысқан тұрғындар тарапынан ешқандай арыз-шағым болмады.

Арайлым Нарбатырова

Leave A Reply

Your email address will not be published.