Залал 4 миллиард теңге: Түркістан облысында білім бөлімінің 41 қызметкері ақша жымқырды деген күдікке ілінді

34

ақша стан

Фото: Stan.kz

Прокуратура дерегіне сәйкес тергеу барысында аудандық білім бөлімінің басшылығы мен есепшілері өздерінің, сондай-ақ туыстары мен таныстарының есеп шоттарына белгіленген жалақыдан жоғары ақша аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырып келгені анықталған. Нәтижесінде 2021-2023 жылдар аралығында мемлекетке 4 миллиард теңгеден аса залал келген.

“Облыс прокуратурасының арнайы прокурорлары 41 қызметкерді, оның ішінде 2 білім бөлімінің басшысын, 1 бас есепші, 2 орынбасарын және 36 есепшіні күдікті ретінде таныды. Ауданның бұрынғы және қазіргі білім бөлімінің басшылары ұстау изоляторына жабылып, соттың санкциясымен қамауға алынды”, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастырудың барлық мән-жайлары мен фактісін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр.

Өзге ақпараттар Қылмыстық істі жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес жариялануға жатпайды.

https://stan.kz/zalal-4-milliard-tenge-turkistan-oblisinda-bilim-boliminin-41-kizm-402174/

Leave A Reply

Your email address will not be published.