Ыстамбұлда жер сілкінісі болатын күн алыс емес – сейсмолог

205

Түрік сейсмологы Наджи Герур Ыстамбұлда магнитудасы 7 балдан жоғары жер сілкінісінің болу ықтималдығы 80 пайызға артқанын хабарлады деп жазды turkystan.kz nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Ыстамбұлда да жойқын жер сілкінісі болатын күннің ауылы алыс емес көрінеді.

«Ыстамбұлда да жер сілкінісі болатын күн жақындап қалды. Дайындық жасалды, бірақ ол жеткіліксіз. Ыстамбұл алдағы жер сілкінісіне дайын ба деген заңды сұрақ туындайды. Оған жауап біреу-ақ… Дайын емес! Тағы да жүрегіміз жараланады. Ыстамбұлда жер сілкінісі болса, бізге Кахраманмараштан да көп шығын келетіні сөзсіз», – деді ол.

https://turkystan.kz/article/213538-ystambulda-zher-silkinisi-bolatyn-kun-alys-emes-seysmolog/

Leave A Reply

Your email address will not be published.