ЭТНОС ӨКІЛДЕРІМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУ

105
Тіл саясатын түсіндіру, қоғамдық қатынастың барлық саласында мемлекеттік тілде қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында басқарма тарапынан ұйымдастырылған «Тіл керуені» Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Т. Рысқұлов аудандарынан кейін Қордай ауданында болды.
Керуен бағдарламасы аясында Масаншы, Сортөбе ауылдарының жастары мен мектеп оқушыларының арасында бірқатар ақпараттық, мәдени- танымдық іс-шаралар өткізілді. Масаншы ауылында этнос өкілдерімен кездестім.
 Кездесу барысында Тіл туралы заңның талаптары, мемлекеттік тілге оқыту мүмкіншіліктері түсіндірілді. Ауыл тұрғындары мектептерде қазақ тілде оқитын сыныптардың артуы, орыс сыныптарындағы қазақ тілін оқыту сапасы, ауыл имамдарын қазақ тіліне оқыту мәселелері аясында ой бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.