ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ҚЫРҒЫЗ ЭТНОСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ӨНЕРІ МЕН РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ» АТТЫ ӨНЕР ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КӨРМЕ ӨТТІ.




Көрме аясында келушілер қырғыз халқының ұлттық киім үлгілерімен, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарымен, тұрмыстық этнографиялық заттарымен, ұлттық тағамдарымен және Қырғызстаннан әкелінген өнімдермен танысты. Сонымен қатар «Бесікке салу», «Қыз ұзату» секілді дәстүрлік рәсімдердің көріністері ұсынылды. Әр бөлім бойынша қысқаша мазмұнды түсіндірме беріліп, бұйымдардың тарихи-танымдық мәні баяндалды.
Аталған көрме ұлттық мәдени байлықты насихаттаумен қатар, этнографиялық құндылықтарды сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын айқындай түсті. Көрмеде ұсынылған әрбір бұйым қырғыз халқының рухани мұрасы мен тарихи сабақтастығын айшықтайтын құнды жәдігер ретінде көпшілік назарына ұсынылды.
Жамбыл Облысы Қоғамдық Келісім