ЭТНОАУЫЛ«Dzholdasbek аtа»

141

Қордайлық кәсіпкерлер ауданда экологиялық туризмнің дамуына ден қойып жатыр. Газетіміздің бұған дейінгі нөмірлерінде Қарасу ауылының тау бөктерінде этноауылдың құрылысы басталғандығы туралы жазған болатынбыз. Нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, өткен жексенбі күні «Dzholdasbek ata» деп аталатын этноауылдың салтанатты ашылуы өтті.
Салтанатты түрде бастау алған этноауыл кешенінің ашылу рәсімінде қоғам қайраткері, Қордай ауданының Құрметті азматы, ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Құрманғали Уали құттықтап сөз сөйлеп, лентасын қиды. Одан әрі ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, ашық аспан астында ауылдастарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ұлттық нақыштағы шағын ауылдың ашылуына ауыл әкімі Рая Жасыбаевамен бірге ауыл тұрғындары да қатысты.
Расында кешенге кіргеннен жайлаудағы шағын ауылдың бейнесін көруге болады. Іші мен сырты ұлттық нақыштармен көмкерілген ақ қанатты киіз үй, ауыл балалары ұзын сонар кезекке тұрған алтыбақандар, самаурындағы қайнаған шәй мен қазандағы тамақтың иісі адамның жанына тыныштық сыйлайды. Осы жобаның жетекшісі Қарасу ауылының түлегі, жас кәсіпкер Мақсат Барманқұлдың айтуынша, әрбір этноауылға келушілер отбасы мен достарына арнайы уақыт бөліп демалуға, мәдени-рухани құндылықтарды тануға, адам ағзасына пайдасы теңдессіз ұлттық тағамдар — қымыз, шұбат, қаймақ, бауырсақтан дәм татуға, ұлттық ойындармен танысуға мүмкіндік алады.

 

Қордай ауданының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.