Экс шенеуниктер сыбайлас жемқорлық әрекеттері жазасын өтеуде

139

2022 жылдың 7-ші қарашасында облыс және қала әкімдіктерінің лауазымды р, оның ішінде: құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын жай бөлімдерінің басшылығы №25 түзеу мекемесінде болды. Онда экс шенеуниктер сыбайлас жемқорлық әрекеттері жазасын өтеуде.

Бұл шара Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, облыс әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі және қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарымен таныстыру, күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың және сотталғандардың өмірін ішінен көрсету арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті күшейту, сыбайлас жемқорлық пен әдеп нормаларының бұзушылықтарын алдын алу.

Leave A Reply

Your email address will not be published.