Әлем жаңа ғасырға қадам жасады. Оның қандай болатыны көбіне бізге және жаңа өмірді жасаушы жас ұрпақтың санасына енгізген негіздергі байланысты.
Экологиялық проблемалар – бұл қоршаған ортаны экономикалық қызметтің «жемістерімен» ластаудың нәтижесі ғана емес, сонымен бірге өсіп келе жатқан экологиялық сананың тапшылығының салдары.
Экологиялық сана, экологиялық мәдениетті қалыптастыру – бұл адамның өмір бойғы жүзеге асырылатын ұзақ процесс.
Осыған байланысты қазіргі қоғамның маңызды міндеті – жас ұрпақтық экологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін орта құру, оның қалыптасу ең алдымен оқу процесінде жүреді.
Экологиялық білім – бұл білімнің бөлігі емес, қазіргі білім беру процесінің жаңа мәні мен мақсаты.
Сондықтан экологиялық білім беру, тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері бүгінгі күні бірінші орынға шығады.
Қазақстан да аумағы үлкен мемлекет ретінде жасыл экономикаға көшудің маңыздылығын мойындап отыр.
Бүгін жас ұрпақты табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға тарту, экологиялық тұрғыдан саналылыққа тәрбиелеу мақсатында байқау өтті.
Атап айтсақ балалар шығармашылық орталығында эко жоба байқауы өткізілді.
Экожобаның мақсаты қоршаған ортаны қорғауға, шығармашылық қабілеттерін дамыту, экологиялық тәрбие беру.
Экожоба өте жоғары деңгейде өтті, оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, экологиялық өзекті мәселелерді қозғады.
Балаларға ерте жастан бастап табиғатты аялауды, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, ресурстарды ұтымды пайдалануды үйрету аса маңызды.
Экологиялық тәрбие жауапкершілік, адамгершілік және ізгілік деген ұғымдарды да қамтиды.
Мақсат Қазанғапов,
Талас аудандық білім бөлімінің басшысы