ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

148
Талас ауданы әкімінің өкімімен Жантайбеков Мади Рыскелдіұлы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Мади Рыскелдіұлы 1990 жылы Жамбыл облысы Талас ауданында туған.
М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Талас ауданы білім бөлімінің Ақерке балабақшасының есепшісі болып бастаған.
Әр жылдары Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Ақниет», «Сымбат» балабақшаларының есепшісі. Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту орталығының» маманы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бюджеттік саясат және жоспарлау секторының бас маманы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2023 жылдың тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін Талас ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының міндетін атқарушы лауазымында еңбек етіп келді.
Талас аудан әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.