МЕШІТ ЖАНЫНАН АСХАНА АШЫЛДЫ

82
Жаңаарық ауылдық округіндегі Ұ. Сыздықбайұлы ауылындағы «Жаңаарық» мешітінің жанынан асхана ашылды.
Ауыл тұрғындарының ауызбіршілігін айшықтайтын бұл игілікті шараға тұрғындар көптеп жиналды.
Бұл қуанышты шарада ауыл қариялары сөз сөйлеп, барлық ат салысқан азаматтарға, елдің ауызбіршілігі мен ынтымағының көрінісіне ризашылықтарын білдірді.
Ауыл жастары көпшілікке арнап түрлі спорт түрлерінен, атап айтқанда, арқан тарту, қол күрес, гир көтеру, қой көтеру 18 жасқа дейін, лақ көтеру 13 жасқа дейін, күрес сияқты спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырды.
Шара барысында арнайы ас беріліп, Құран бағышталды.
Ауыл мешітінің жанынан асхананың ашылуы ауыл тұрғындары үшін қуаныш болды. Бұл – барша ауыл халқының ұйымдасып, ауызбіршілік танытуы арқасында бой көтерген ғимарат. Ауыл тұрғындары, үлкен-кішісі осы нысанның құрылысына қолдан келгенше жәрдем берген, демеушілік танытқан. Құрылыс жұмыстарына 5 миллион теңгеден аса қаржы жұмсалған. Енді бұл ғимаратта түрлі діни, дәстүрлі шараларға, атаулы күндерге орай ас беруге болады.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.