Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман қазақстандық боксшы Геннадией Головкин (38-1-1, 34 КО) мен америкалық Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру туралы айтты.
WBC Конвенциясы жуырда осы жекпе-жекті ұйымның орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альвареспен (50-1-2, 34 КО) өтетін кездесуге іріктеу ретінде бекіткен болатын. «Біз алға қадам басамыз. Чарло 22 желтоқсан күні жекпе-жек өткізеді. Содан кейін біз оған жекпе-жек туралы қаулыны жібереміз. Сосын әліптің артын бағамыз», — деді Сулейман. Чарло келесі кездесуін Кіші Вилли Монромен (23-3, 6 КО) өткізеді. Ал Головкин рингке көктемде оралуы мүмкін, бірақ ол жекпе-жек туралы мардымды ақпарат жоқ.