Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы тағайындалды

126
Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы тағайындалды
Жамбыл ауданы әкімінің өкімімен Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы болып Байдалиев Асқар Маратұлы тағайындалды.
Асқар Маратұлы 1982 жылы 18 тамызда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында туылған.
2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Музыка және ән айту пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Жамбыл аудандық мәдениет үйінде үйірме жетекшісі болып бастаған.
2004-2005 жылдары Жамбыл аудандық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы,
2005-2014 жылдары Жамбыл ауданы әкімиятының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.
2014-2022 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
2022 жылдың мамыр айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді

Leave A Reply

Your email address will not be published.