«Ұят болған екен»: Қайын атасына сәресін дайындатып қойған Айдарбековтардың кенже келіні елден оңбай сөз естіді
Көпшілік жас келіннің бұл әрекетін құптамаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Желіге жүктеген видеода Нұртас Айдарбековтың асханада ет қуырып, картоп тураған сәтін көруге болады.
«Араласпа, өзім әдемі қылып пісіріп жатырмын. Сәресіне дайындап жатырмын, көресің қазір, папаң не істеп қоятынын. Бүгін араласпа, мақұл ма қызым? Папаң жаркое істеп жатыр» дейді Нұртас Айдарбеков.
Индираның өзі болса: «Кімде бар осындай қайын ата» деп сырттай атасының тамақ істеп жатқанын бақылап тұрады. Көпшілік келіннің бұл әрекетін жақтырмаған. Олар:
«Ұят болған екен», «Қайын атаның асханада жүргені бір түрлі екен, сәресіне тамақ істегені де бір қызық», «Осылай қарап тұрғаның түк жараспайды, ер адамның асханада жүргені бір сүйкімсіз екен», «Мақтанышпен салып отырсыз ба? Мақтанатын дүние емес негізі» деп жазды олар.
Айдарбековтар әулетінің кіші келіні Индира желіге қайын атасына сәресін дайындатып қойған видеосымен бөлісті.