Ұшақта вейп шеккен жолаушы жауапқа тартылды

74

FlyАrystan әуе компаниясының «Алматы-Павлодар» бағытындағы рейсі ұшып келгеннен кейін полиция қызметкерлері акті бойынша құқық бұзушыны әуежайда тежеп қалды. Алмы облысы Талғар ауданының 34 жасар тұрғыны ұшақ салонында электронды шылым шеккен, — делінген мәліметте.

Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 441-бабы 1 және 2-тармақтарында әуе кемесінің бортында темекі және электронды шылым шеккені үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыны көрсетілген.

Азаматшаға электронды темекі өнімдерін тұтыну фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 184 600 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

 

turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.