«Ұрпаққа бүгін аманат»

90

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай «Ұрпаққа бүгін аманат» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған шараның басты мақсаты – Ауғанстан жеріндегі соғысқа қатысқан ардагерлердің ерлігін дәріптеу, олардың ел алдындағы қызметін жас ұрпаққа үлгі ету, отансүйгіштікке тәрбиелеу болды.
Кеш барысында ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, естеліктер айтылды, патриоттық тақырыптағы өлеңдер оқылып, әндер шырқалды.
Іс-шараға қатысушылар майдан даласында қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ардагерлерге алғыс білдірді. «Ұрпаққа бүгін аманат» атты әдеби кеш жас буынға тарихты ұмытпай, бейбітшіліктің қадірін түсінуге үлкен тағылым болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.