ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ -ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

110

Бүгін Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен жастар мен жасөспірімдер арасындағы ұлттық тәрбие, өмір мен өнеге жолында азық болар «Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы» атты келелі кездесу өткізілді.
Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Найман Кенжеханұлы, «Мерейлі отбасы» республикалық байқауының жеңімпазы, Шу ауданының құрметті азаматы, меценат Мадалиева Шымшық апамыз, Шу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ержан Көрікбайұлы, Шу аудандық аналар алқасының төрайымы Айжан Болатқызы, Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев және абыз ардагер ақсақалдарымыз мен аудан орталығындағы мектеп оқушылары қатысты.

Кездесу барысында жастарға отбасы тәрбиесі, білім мен тіл, ұл мен қыз, діни тәрбиесі турасында жастарға өсиет пен өнеге айтылып мол кеңестер берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.