Сарысулық еріктілер марапатталды

105
Халықаралық волонтерлер күніне орай Сарысу ауданында «Еңбегі еленген еріктілер» деген атты марапаттау өтті.
Волонтерлік топтар аудан орталығы ғана емес, ауылдарда, соның ішінде жастар арасында да көптеп бар.
Олардың қызметі сан түрлі салаға бағытталған: көше мен ауылдың, жалпы, қоршаған ортаның тазалығы; экологиялық мәселелерді шешуге атсалысу; жалғызбасты қарияларға, жағдайы қиын отбасыларға көмек; төтенше жағдайларда зардап шеккен жандарға көмек ұйымдастыру; т.б.
Халықаралық волонтерлер күніне орай өткізілген жиында ең белсенді еріктілер шақырылды.
— Мен еріктілердің көмекке мұқтаж жандарға жәрдем беру, жылағанды жұбату үшін күн-түн демей, жаңбырға, боранға қарамай, аянбай еңбек еткеніне сан мәрте куә болдым.
Еріктілер мен үшін үлкен жүректі жандар, олардың жүрегі жақсылық пен сүйіспеншілік деп қана соғады.
Тәуелсіздік жылдардағы жетістіктерімізге, халқымыздың бірлігін нығайтуға белсенділердің қосқан үлесі зор, — екендігін айттым.
Жиналғандарға Отандық «Волонтер» атты кино көрсетілді.
Жиналғандар алдағы уақытта қайырымдылық концерттер мен жәрмеңкелер өткізу, ауылдық аймақтарда еріктілермен бірлескен шаралар ұйымдастыру секілді ұсыныстарын да бөлісе кетті.
Белсенді жастарды марапаттап, олардың игі істеріне алғысымды білдірдім.
Асылжан Пазылбеков,
Сарысу ауданы «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.