Ұлымен жұдырықтасқан Данияр Елеусінов елді сүйсінтті

80
Ұлымен жұдырықтасқан Данияр Елеусінов елді сүйсінтті
видеодан скриншот
https://turkystan.kz/article/262732-ulymen-zudyryqtasqan-daniiar-eleusinov-eldi-suisintti

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кіші ұлы Мұхаммедпен рингте жұдырықтасып жатқан сәтінің видеосын жариялады, деп жазады turkystan.kz.

Боксшы әлеуметтік желіде бөліскен бейнежазбада ұлының бокс қолғабын киіп, жұдырығын шебер сілтеп, әкесінің басынан дәл ұрғаны көрінеді.

Желі қолданушылары видеоны жылы қабылдап, пікір қалдырды. «Өзің сияқты чемпион болады!», «Даник – жарайсың!», «От қой!» – дейді олар.

Еске сала кетейік, Данияр Елеусинов 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған. 2018 жылы кәсіпқой бокста дебют жасап, осы күнге дейін 12 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

 

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.