«Ұлы дала» ықшамауданына жылу қалыпты берілуде

66
Қыстың алғашқы айындағы екі күн бойы тоқтаусыз жауған ақ ұлпа қар мен сарышұнақ аяз оңайға соқпай тұр. Әсіресе, ауа температурасының күрт төмендеуі тараздықтарды біраз әбігерге салуда. Табиғаттың тосын мінез танытуы салдарынан №15 «Ұлы дала» ықшамауданындағы бірқатар тұрғын үйге жылу толық бармай, 4 үйдің тұрғындарынан шағым түскен болатын.
Осыған байланысты Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қалалық құрылыс бөліміне тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырған еді. Нәтижесінде бұл үйлерге сорғы (насос) орнату жөнінде шешім қабылданды.
Шешім нәтижесінде ықшамаудандағы аталған тұрғын үйлерге сорғы орнатылып, жылумен толығымен қамтамасыз етілуде. Олардың 3-еуі құрылыс мердігерлерінің, 1-еуі тұрғындардың өз есебінен жүзеге асырылды.
Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков осы үйлерге арнайы барып, жылу жүйесінің жағдайымен танысып, тұрғындармен тілдесті.
Қазіргі таңда «Ұлы дала» ықшамауданына жылу қалыпты берілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.