Газ желісі іске қосылды

59
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының айтуынша, кеше сағат 21:30 шамасында Қызылқайнар, Гродеково, Полатқосшы ауылдық округтеріне баратын магистралды 325-тік газқұбыры жарылып, газ желісі істен шыққан.
– Осыған орай газ шаруашылығы қызметкерлері үздіксіз жұмыс жасап, қазір дәнекерлеу жұмыстарын аяқтады. Аулаларға газ беріле бастады.
Аймақ басшысы Ербол Шырақбайұлы да жұмыстардың барысын арнайы көрді
Апат айтып келмейді. Сабырлық танытқан барша тұрғындарға алғысымды білдіргім келеді.
Дәнекерлеу жұмыстарын күннің суығына қарамай аяқтаған сала қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіреміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.