Ұлттық экономика министрлігіне қосымша міндет жүктеледі

166

Ұлттық экономика министрлігіне қосымша функция берілуі ықтимал. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысында жазылған деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Құжатта көрсетілгендей, енді ведомствоға мына функция беріледі:

– бірыңғай төлемді, бірыңғай төлем бойынша өсімпұлды төлеу, аудару және оны жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) түрінде бөлу, сондай-ақ оларды қайтару қағидаларын келісу.

«Салық кодексінің 776-4-бабының 6-тармағына сәйкес, бірыңғай төлемді, бірыңғай төлем бойынша өсімпұлды төлеу, аудару және оны жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер (міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын қоспағанда), өсімпұл түрінде бөлу, сондай-ақ оларды қайтару ҚР Ұлттық банкі, уәкілетті органмен, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады», – деп түсіндірме берілген Үкімет қаулысының жобасына.

Құжат 3 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

https://turkystan.kz/article/220276-ulttyk-ekonomika-ministrligine-kosymsha-mindet-zhukteledi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.