«Ұлттық мектеп лигасы»

228
Ұлттық мектеп лигасы уданымызда ағымдағы жылдың 16-18 қараша күндері спорттық жарысының баскетбол, футзал, волейбол, гандбол, шахмат, тоғызқұмалақ спорт түрлері бойынша 7-8, 9-11 сынып ұл, қыздар арасында аудандық кезеңі өтті.
Жеңімпаз атанған командалар облыстық кезеңге жолдама жеңіп алды.
Ұлттық мектеп лигасы жарыстарының негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жас ұрпақтың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Лига жарыстары барысында жасөспірімдер арасында командалық рух қалыптастыру және ауылдық, аудандық, облыстық деңгейде қоғамдық өмірге белсене атсалысатын лидер, көшбасшыларды даярлау.
Мақсат Арапұлы Қазанғапов, Талас ауданы білім бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.