«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Таласқа келді

153
2023 жылдың 26 сәуірі мен 6 желтоқсаны аралығында Елімізде ең үздік дәрігерлері, медиаторлары, психологтары және заңгерлерінің қатысуымен «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы» әлеуметтік жобасы іске асырылуда.
️Жоба Талас ауданының Тамды ауылына келді.
Пойызда 22 дәрігер бар: 15 дәрігер және 7 медбике.
Дәрігерлерден: жалпы терапевт (педиатр), лор дәрігері, окулист, невропатолог, уролог, хирург, тіс дәрігері ( тек қана тістерді алып тастайды), гинеколог, рентген (тек өкпе түсіреді), жүректің ультрадыбыстық зерттеуі, жалпы ультрадыбыстық зерттеу сонымен қатар, зертхана өз қызметтерін ұсынуда.
️Сондай-ақ, медиатор және заңгер өз қызметтерін көрсетуде.
МӘМС болмаса да, станцияның және басқа аймақтардың тұрғындарын қабылдайды , шектеу жоқ.
Айта кетейік, Тамды ауылындағы 21-ші қараша күнгі қабылдау уақыттары: сағат 9:00 және 13:00 аралығы.
️Түскі үзіліс: 13:00-14:00 аралығы.
14:00 және 18:00 аралығында қабылдайды.
Талас ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.