«Ұлттық алауыздықты қоздыру»: Алматыда киіз үйде жартылай жалаңаш билегендерге қатысты іс тергелуде

117

Фото желі кадрларынан

Қоғамда қызу талқыланған видеода кәжекей киген жартылай жалаңаш қыздар мен жігіт киіз үйде билегені бейнеленген. Ролик Алматы облысының Қарасай ауданында түсірілген.

“2024 жылы 1 шілдеде Қарасай аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлігі бойынша «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», – деп хабарлады Бас прокурор Берік Асылов.

Бұл бап бойынша егер кінә дәлелденсе, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы көзделген. Алайда Ұлттық қауіпсіздік комитеті бишілердің ниетін бір бейне арқылы анықтау мүмкін емес екенін атап өтті.



“Қылмыстық кодекстің 174-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының негізгі белгісі кінәлі адамның қандай да бір алауыздықты қозғауға бағытталған қасақана уәждемесі болып табылады. Тек бір бейне негізінде оның авторларының ниеттерінің шынайы бағытын анықтау мүмкін емес. Сондықтан қылмыстық заңның көрсетілген нормасы бойынша объективті құқықтық баға беру де қиын”, — деді Ермек Сағымбаев.

Ведомство басшысы психологиялық-филологиялық сараптама жүргізілетінін атап өтті.

Еске салсақ, киіз үйде жартылай жалаңаш билегендер көпшіліктің ашуын туғызған еді.

https://stan.kz/news-403453/

Leave A Reply

Your email address will not be published.