ҰҚК бір айда жемқорлыққа қатысты 17 қылмыстық іс қозғады

44

Фото: ҰҚК

https://turkystan.kz/article/265054-uqk-bir-aida-zemqorlyqqa-qatysty-17-qylmystyq-is-qozgady
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі шілдедегі жұмыстардың қорытындысын шығарды.

Бір ай ішінде 17 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, атап айтқанда:

билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану — 3;

пара алу — 5;

пара беру — 4;

алаяқтық — 2;

жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу – 1;

лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану – 1;

кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу – 1.

Мына баптар бойынша 16 қылмыстық іс сотқа жіберілді:

сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу — 1;

алаяқтық — 6;

ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру — 1;

қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) — 1;

лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану — 1;

пара алу — 2;

пара беру — 3;

қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру — 1.

Аяқталған істер бойынша мемлекетке жалпы сомасы 113,6 млн теңгеге келтірілген залал қайтарылған.

Сонымен қатар 619,1 млн теңге мүлікке тыйым салынды. Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 2 адамға 471,84 мың теңге сомасында сыйақы берілді.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/265054-uqk-bir-aida-zemqorlyqqa-qatysty-17-qylmystyq-is-qozgady

Leave A Reply

Your email address will not be published.