Түзеу мекемесінде бірлік күні аталып өтілді

528

Тараздағы ЖД-158/2 мекемесінде Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтті. Осыған орай мекеме ауласында арнайы концерт ұйымдастырылды. Таза ауада өткен әуезді кеш жазасын өтеушілердің көңілін көтеріп, бірлік пе ынтымақтың қаншалықты маңызды екенін тағы бір дәлелдеді.

– Бүгінгі татулық пен ынтымақтың төл мерекесі Қазақстан халқының бірлігі күні. Елімізге  тыныштық пен ауызбіршіліктен артық тілеріміз жоқ. Отбасының амандығы, дендеріңіздің саулығы, өмірлеріңіздің ажырамас ажары болсын. Асқақ елдік мұраттарыңыз орындалып, өрелі істеріңіз жалғасын тапсын. Елмізде бірліктің бесігін бірге тербеткен ұлттар мен ұлыстардың татулығы әр шаңыраққа береке сыйлап, барша қазақстандықтарға алтын тұғыр болсын, — деді мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев.

Бұл мереке бірлік пен достықтың символы ғана емес, Қазақстанды Отаным деп санайтын барша түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетіне, тіліне деген үлкен құрметті көрсетеді.

Мерекеде түрлі тақырыптарда әндер шырқалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.