Түзелмесең, түрмеге қайта барасың!

315

Пробация қызметкерлері тарапынан жаза басып, жаңылысқан жандарға күн сайын тиісті деңгейде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатса да, заңға немқұрайлы қарайтын дардың саны азаяр емес.

Мәселен, Меркі аудандық пробация бөлімінде жыл басынан бері қылмыстық теріс қылық үшін айыпты деп танылған 6 сотталған азамат қоғамдық жұмыстардан бас тартқаны үшін ҚР ҚК-нің 43 бабының 2-1 бөлігінің 1 тармағына сәйкес қоғамдық жұмыстардан орындалмаған 4 сағаты қамаққа алудың 1 тәулігі есебімен қамаққа алуға ауыстырылған.

Бұдан бөлек, орташа қылмыс жасаған Ж есімді сотталған азамат Меркі аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 394 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, 500 (бес жүз) сағат мерзімге жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындалған. Алайда, есепте тұрған азамат белгісіз себептермен айына 2 рет жұмысқа шықпаған. Нәтижесінде, Меркі аудандық сотының қаулысымен ҚР ҚАК-нің 60 бабының 1,2,3 бөліктерін 1 тармағын басшылыққа ала отырып, Ж есімді азамат орындалмаған 372 сағаты қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазасын 93 күнге бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылған.

Арайлым Самбетова,
Меркі аудандық пробация бөлімінің бастығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.