«Түскен табыс 490 миллион теңге»: Ақтөбе облысында заңсыз онлайн-казино ұйымдастырғандар ұсталды

40

Фото: @afm_rk / видеодан скриншот

Ұйымдастырушылар Қазақстан аумағында тыйым салынған сайттарға сілтеме мен біржолғы логин және пароль беріп, ойыншылардан банк қосымшасы арқылы ставкалар қабылдаған.

Осылайша, олар ойыншыларға нақты ұтыстар бере отырып, тиісті лицензиясыз құмар ойын түріндегі заңсыз қызмет көрсеткен.

“Алдын-ала есеп бойынша, заңсыз қызметтен түскен қаржы айналымының жалпы сомасы 490 млн теңге. Ойыншылар саны 800 адамнан асады. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды заңсыз ойын бизнесіне тарту фактілері тексеріліп жатыр”, – делінген ведомство хабарламасында.

Жүргізілген тінту нәтижелері бойынша заңсыз ойын қызметіне қатысты заттар мен құжаттар, сондай-ақ ақшалай қаражат табылып, тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, ҚПК-нің 201-бабының тәртібімен тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.https://stan.kz/tusken-tabis-490-million-tenge-aktobe-oblisinda-zansiz-388599/

Leave A Reply

Your email address will not be published.