Түрмеге телефон кіргізбек болған азамат қолға түсті

116

Таразда түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізбек болған күдікті анықталды.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесіне тыйым салынған заттарды кіргізуге талпынған әрекет сәтті тоқтатылды. Мекеменің жедел және режим бөлімдерінің қызметкерлері мен 5513 әскери бөлімінің Ұлттық ұлан сарбаздарының үйлесімді жұмысының арқасында күдікті қолға түсті.

Тексеру барысында күдіктінің алып келген сәлем-сауқатының ішінен 2 сенсорлы телефон және қуаттағыш құрылғы анықталды. Бұл жағдай мекемедегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты мамандардың жоғары қырағылығы мен кәсібилігінің айқын дәлелі болды. Оқиғаға қатысты барлық мәліметтерді анықтап, тергеу жұмыстарын жалғастыру мақсатында оқиға орнына Тараз қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды.

Айта кетейік, тыйым салынған заттарды мекеме аумағына әкелу Қазақстан заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.