Түрме тәртібін бұзған тараздық тұрғын ұсталды

267

Жамбыл облысында түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды кіргізбекші болғандардың қатары сиремей тұр. Жуырда облыс бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/4 мекемесінің қоршауынан асырып, ішкі күзет аумағына ұялы телефон лақтырмақ болған азамат ұсталды.

Түзеу мекемесі жедел бөлімінің қызметкерлері заңбұзушылыққа жол берген 1996 жылы туылған азаматты ұстағанда оның оң қолында скотчпен қапталған күдік тудыратын зат бар екендігін байқаған. Оның заттарын қарау кезінде түрме қызметкерлері ұялы телефон және оның қуаттағышын, сондай-ақ құлаққап (наушник) бар екендігін анықтады.

Аталған фактіге байланысты департаменттің кезекші бөліміне және облыстық прокуратураға хабарланды. Түрме тәртібін бұзған тараздық тұрғын тыйым салынған затты сотталғандар үшін лақтырғанын мойындады. Тәркілеу актісі жасалып, заттар зерттеуге жіберілді. Сондай-ақ, Әкімшілік құқықбұзушылық Кодекстің баптары  бойынша Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына құжат жіберілетін құжат дайындалуда, — деді аталған мекеменің жедел бөлімінің бастығы Роллан Торткулбаев.

Сабыр БОЛАТ

Leave A Reply

Your email address will not be published.