Түркияда жүк көлігі суға құлап, 22 адам ажал құшты

634

Түркияның батысындағы Измир провинциясында заңсыз мигранттарды тасымалдап келе жатқан жүк көлігі аударылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 22 адам ажал құшқан, оның ішінде кішкене балалар да бар. 13 адам жарақаттанған.

Көлік апаты Мендерес ауданында болған. Айдын-Измир автожолымен келе жатқан жүк көлігі Дегирменчай өзеніне құлаған.

Апат болған жерге жедел жәрдем көлігі жіберілді.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.