Түркия мен Сирияда зілзаладан қаза тапқандардың саны 28 мыңнан, ал зардап шеккендердің саны 80 мыңнан асты деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
1 миллиондай адам уақытша орталықтарға орналастырылған.
«БҰҰ қос мемлекетте табиғат апатынан қаза тапқандар 40 мыңға жетуі мүмкін. Себебі үйінділер әлі толық ашылып біткен жоқ.
Түркияда зілзала салдарымен күреске 100-ден аса ел құтқарушыларын жіберді. Іздестіру шаралары күні-түні жүріп жатыр. Енді бізге табиғат апатынан зардап шеккендерге жан-жақты көмектесуге күш салуымыз қажет. Бұл мәселені назардан тыс қалдырмауымыз керек», – дейді ұйым басшысының орынбасары Мартин Гриффитс.