ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛЫП ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА

328
Қазіргі таңда кәсіпкерлікке ынталы жандардың қарасы көп. Соңғы жылдары жұмыссыз отырған көп балалы аналар, еңбекке жарамды азаматтар қайтарымсыз грант, жеңілдетілген несиелер алып, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларды мүмкіндігінше пайдалануда.
Түркістан ауылдық округіне қарасты Арыстанды ауылының тұрғыны Сагитов Рафик Бадырұлы биыл мемлекеттің қолдауына ие болған. Оның түйетауық құсын өсіру мақсатында ұсынған жобасы қолдау тауып, 1 380 000 теңге қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. Қазір ауылда түйетауық құсын өсіруді кәсіп етіп отыр. Түйетауық құсының басын молайтып, аудан тұрғындарына етін, жұмытқасын өткеруді жоспарлап отыр.
Ал, осы округке қарасты Әшір Бүркітбаев ауылының тұрғындары Серікбай Феруза Нұрланқызы, Сақтағанова Ләззат Тағынқызы және Иса Әсел Сайранбайқызы да 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі (1380000 тенге) мемлекеттік грантқа қол жеткізген көп балалы аналар.
Сүт өнімдерін өндіруді жоспарлаған.
Алған қаражаттарына сауын сиырлар алған көпбалалы аналар сүт өнімдерін өндіріп отыр. Үйде, бала-шағасының қасында отырып-ақ кәсіппен айналысып жатқан аналар сиыр сүтінен айран, құрт, май, брынза сияқты табиғи, нәрлі тағамдарды өндіріп ауыл тұрғындарына және аудан орталығы Жаңатас қаласының тұрғындарына саудалауда. Қала дүкендеріне өткізуде.
-Тәуекелге бел буып осы кәсіпті бастап кеттік. Жаңадан бастайтын іске қолдау ретінде қайтарымыз грант қаражатының көмегі мен пайдасы мол. Сондықтан осындай көмек көрсеткені үшін мемлекетке алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта шаруашылықты дамытып, мал басын көбейте беретін боламыз, — дейді шаруақор аналар.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.