Түркістанда трамадол сатқан дәрігер ұсталды

261

Түркістандық полицейлер 300-ден астам трамадол сатқан дәрігерді ұстады деп хабарлады turkystan.kz полицияға сілтеме жасап.

ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шардара қаласындағы дәріханалардың бірінде трамадол препаратын заңсыз сату дерегін анықтады.

– Дәріхана сатушысы ұсталды. Тексеру кезінде оның 30 мың теңгеге әсері күшті трамадол препаратының 340 таблеткасын рецептсіз сатқаны анықталды. Бұл жайт Шардара ауданы полициясында тіркеуге алынды, – деді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.

Аталған факті бойынша жиналған материалдар Түркістан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне ҚР ӘҚБтК 426-бабы 1-бөлігі бойынша жолданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.