Түркістандық полицейлер 300-ден астам трамадол сатқан дәрігерді ұстады, деп хабарлады turkystan.kz полицияға сілтеме жасап.
ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шардара қаласындағы дәріханалардың бірінде трамадол препаратын заңсыз сату дерегін анықтады.
– Дәріхана сатушысы ұсталды. Тексеру кезінде оның 30 мың теңгеге әсері күшті трамадол препаратының 340 таблеткасын рецептсіз сатқаны анықталды. Бұл жайт Шардара ауданы полициясында тіркеуге алынды, – деді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.
Аталған факті бойынша жиналған материалдар Түркістан облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне ҚР ӘҚБтК 426-бабы 1-бөлігі бойынша жолданды.https://turkystan.kz/article/212500-turkistanda-tramadol-satkan-deriger-ustaldy/