Түркістанда шөп орағы басталды

123

Халқымыз «шөмелені шөбім бар» деп айтпа деген. «Қыстың қамын жазда ойла» деген қазақ мәтелі бекерге айтылмаса керек.
Ауданымыздың шаруа қожалықтары мен жеке шаруа ағайындар үшін жауапты кезең саналатын шөп шабу науқаны басталды. Шаруалар үшін жаздың әр күнін тиімді пайдалану маңызды.
Биылғы жылы да аудан шаруалары қыстың қамына ерте кірісті. Мамыр айының соңын ала басталған мал азығын дайындау науқаны қазіргі таңда белең алуда.
Қысы қатал да қаhарлы, жазы жайсаң да жайдары қыдыр дарып, бақ қонған Көсегенің көк жонында жоңышқа орымы басталды. Ауылдық округке қарасты “Болашақ”, “Арыстанды” шаруа қожалықтары бүгін эспарцет жоңышқаны оруды бастады.

Жанысбек Арыстанбеков
Әшір Бүркітбаев ауылы

Leave A Reply

Your email address will not be published.