Фото: polisia.kz
Түркістан облысының патрульдік полиция батальон қызметкерлеріне мобильдік бағдарлама арқылы төленбеген айыппұлдары бар Volkswagen Passat автокөлігі туралы ақпарат берілген.
Полиция ақпарат бойынша бірден іске кірісіп, аталмыш көліктің жүрген жерін анықтап, Шымкент – Самара тас жолында тоқтатты Тексеру кезінде бұл автокөліктің сот орындаушысының қаулысына сәйкес жалпы сомасы 6,6 миллион теңге төленбеген айыппұлдар бойынша берешегі бары анықталды. Жүргізушінің әкімшілік айыппұлдарының 80 пайызы жылдамдық режимін бұзумен байланысты.
Тәртіп сақшылары Volkswagen Passat автокөлігін айыптұраққа қойып, жүргізушімен берешекті уақытылы төлеу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
“Түркістан облысының полицейлері көлік құралдарының жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және салынған әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлеуге шақырады”, – деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев.
https://stan.kz/80-payizi-zhimdamdik-ushin-turkistan-oblisinda-66-mln-t-388632/