Түркістан облысында жылына 10 мың тонна ет өңдейтін кешен іске қосылды

74

gov.kz

https://turkystan.kz/article/264206-turkistan-oblysynda-zylyna-10-myn-tonna-et-ondeitin-kesen-iske-qosyldy
Түркістан облысының Сайрам ауданында бордақылау алаңы мен ет комбинатының құрылыс жобасы «KAZ ECO MEAT» ЖШС тарапынан жүзеге асырылды.

Жылына 10 мың тоннаға дейін ет өңдеуге бағытталған жобаның жалпы құны – 8,5 млрд теңге.

Кәсіпорын Беларусь, Қытай және Түркиядан жеткізілген заманауи жабдықтармен жабдықталған. Өндірістің барлық кезеңінде озық технологиялық шешімдер енгізілген. Мал бордақылау үдерісін тиімді және тұрақты жүргізуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған азықтандыру жүйесі орнатылған.

Өнімді кешенді өңдеу мақсатында қан жинау және өңдеу қондырғылары, сондай-ақ сүйек өңдеуге арналған жабдықтар іске қосылып, қалдықсыз өндіріс циклі қамтамасыз етілген.

Ет комбинаты халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді және өнім экспорттауға бағытталған. Шикізат ретінде жергілікті фермерлік шаруашылықтардан, сондай-ақ еліміздің солтүстік өңірлерінен жеткізілген ірі қара малы пайдаланылады.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/264206-turkistan-oblysynda-zylyna-10-myn-tonna-et-ondeitin-kesen-iske-qosyldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.