Түркістан облысында 1,8 млрд теңгенің жер телімі заңсыз пайдалануға берілген

82

istockphoto

https://turkystan.kz/article/269010-turkistan-oblysynda-18-mlrd-tengenin-zer-telimi-zansyz-paidalanuga-berilgenһ
Түркістан облысында 190 жер телімі заңсыз пайдалануға берілген. Бұл туралы Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев жер заңнамасының сақталуы жөніндегі алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Соңғы 3 жылда, яғни 2023-2025 жылдары облыс көлемінде 6 мың гектардан астам, құны 1,8 млрд теңге болатын 190 жер учаскелері заңсыз берілген.

Әкімдер жер заңнамасында көзделген конкурс талаптарын айналып өтіп, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, жеке қосалқы шаруашылық және қосымша жер табыстау жолымен мемлекет жерлерін заңсыз иеліктен шығарғаны белгілі болды.

«Онымен қоса, 400 гектарды алып датқан 150 жер учаскесі нысаналы мақсаты заңсыз кәсіпкерлікке өзгертілген. Бірде бір жағдайда сәулет және қала құрылысы құжаттамаларының талаптары сақталмаған», — делінген хабарламада.

Осы салаға жауапты мемлекеттік органдарға тиісті хаттамалық тапсырмалар беріліп, заң бұзушылықтарға жол берген лауазым иелерінің жауапкершілігін қарау жөнінде ескертілген.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/269010-turkistan-oblysynda-18-mlrd-tengenin-zer-telimi-zansyz-paidalanuga-berilgen

Leave A Reply

Your email address will not be published.