Түнде Алматы мен Талғарда жер сілкінісі тіркелді

109

Алматылықтар тағы да жер сілкінгенін сезді, деп хабарлады Turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-не сілтеме жасап.

Гринвич бойынша 26 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша 02 сағат 01 минут 28 секундта жер сілкінісінің ошағы қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 262 км қашықтықта Қытай аумағында жатқаны белгілі болды.

Дүмпудің энергетикалық класы 12.7. Магнитудасы 5.7 MPV. Бағыты 41.32° с.е. 78.84° ш.б. жатыр. Тереңдігі 10 км.

Алматы мен Талғар қалаларында жер дүмпуі 2 балдық болды, — деп хабарлады Алматы қаласының ТЖД.

https://turkystan.kz/article/239211-t-nde-almaty-men-tal-arda-zher-silkinisi-tirkeldi

Leave A Reply

Your email address will not be published.