Түлектер тартуы толасталмайды

101

Әр жылдары мектеп бітірген түлектердің  қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесуі, өз ауылының көркейіп-көріктенуіне үлес қосуы дәстүрге айналды.

«Әркімнің туған жері- Мысыр шаһары»,- демекші әр жылдары мектеп бітірген түлектердің білім ордаларына игілікті іс жасап, өз ауылының көркейіп-көріктенуіне үлес қосуы дәстүрге айналды. Қара топырақта аунап өсіп, өздері ұшқан ұяларына араға біраз жыл салып табан тіреген ауыл азаматтары көптен кездеспеген құрбы-құрдастарымен балалық шаққа саяхат жасап қана қоймай, 15 жылдық мерейтойлары қарсаңында туған ауылға сый тартты.

Мәселен; Шоқай датқа орта мектебінің
15 жылдық түлектері «Туған елім тірегім»,-деген жазбаны ауыл кіре берісінен орнатты.

Бұл өңір­де­гі қайырымдылық және ауылдың гүл­ден­уіне үлес қосу мақсатындағы іс-шаралардың бірқатары ғана және осы бағыттағы игі істер жалғасын табатыны сөзсіз.

Ауылды көркейту және қайырымдылық мақсатында жасалған игі істерге ауыл жұртшылығы дән риза.
Бұл жұмыстар болашақ ұрпаққа үлгі болмақ.

Жандос Жанайдаров, Игілік ауылдық округінің әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.