ТЫЛДА ЕҢБЕК ЕТІП, ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАН

67
Жаңғырығы бүгінге жеткен қаһарлы соғыс жылдарының адамзат баласына салған салмағы, қайғысы мен азабы өлшеусіз екені сөзсіз. Дәл осындай қиындықты қайыспай көтеріп, майдан даласындағы отандастарына тылда жүріп-ақ көмек көрсетіп, еңбегі арқылы ұлы Жеңісті жақындатуға атсалысқандар аз емес.
Бүгінгі 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күнінде ауданымыздағы бірқатар тыл еңбеккерлерін аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков құттықтап, батасын алып қайтты. Ең алдымен Жаңақоғам ауылдық округінің тұрғыны Серік Әденов, одан кейін аудан орталығында тұратын Матария Абуева апамыздың шаңырағында болып, ақ батасын алды.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын!
Бұл күн бейбітшілікті қалайтын әрбір адамзат баласының ортақ мерекесі. Қаншама жан құрбан болған Екінші дүние жүзілік соғыста ардагер аға-апаларымыз ерен ерліктің үлгісін көрсетіп, әлемге бейбітшілік дәнін септі. Отан үшін кеудесін оққа тосып, жанқиярлық танытқан аға буынның қажырлы еңбегі адамзат тарихында алтын әріптермен жазылды.
Біз тарихтан тағылым алатын ұрпақпыз. Аға буыннан өнеге алатын рухы биік азаматтарымыз көп болғай. Енді ешқашан соғыс болмасын. Аспанымыз әрдайым ашық болып, еліміз өркендей берсін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.