«ТУЫМ – НАМЫС, ЕЛТАҢБАМ – БІРЛІК, РӘМІЗДЕРІМ – МАҚТАНЫШЫМ!» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

142

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында 4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күні және Қазақстанның Мемлекеттік туының авторы, суретші Шәкен Ниязбековтің 85 жылдығына арналған «ТУЫМ – НАМЫС, ЕЛТАҢБАМ – БІРЛІК, РӘМІЗДЕРІМ – МАҚТАНЫШЫМ!»  атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Филиал директоры Р. Садырқұлов жүргізіп отырған шараға М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің қызметкерлері мен студенттері, мекеме қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Л. Илебаев,  облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Ұ. Сламбекова, Жамбыл облысы бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінің басшысы           Д. Қалдығожин Мемлекеттік Рәміздерді пайдалану және қолдану бойынша баяндама жасады.

Сонымен қатар, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы Р. Баярисов және Р. Тобаджанова, заң ғылымдары магистрі     А. Қадырқұлов Рәміздердің шығу тарихына тоқталды.

Конференция соңында мерекеге орай облыс, Тараз қаласы және аудан әкімдіктері ішкі саясат бөлімінің бірқатар қызметкерлері ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Алғыс хатымен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.