Қазіргі кезде тұрғындармен барынша жиі кездесіп, көкейінде жүрген сауалдарға жауап беру дәстүрге айналған. Дәл осындай қоғамдық қабылдаулар ауылдық жердегі түйткілдердің қордаланбауына септігін тигізеді.
Осы мақсатта бүгін аудан тұрғындарын жеке-жеке қабылдап, өтініш-тілектеріне құлақ түрдім. Кездесуге келгендердің ішінде тұрғын үй жағдайына, жұмыспен қамтуға, сонымен бірге баршаға ортақ әлеуметтік мәселелерді көтергендер де бар.
Қоғамдық қабылдауға келген әрбір тұрғынның талап-тілегі жеке-жеке қаралып, тиісті шешімдер қабылданатын болады.
Сәкен Арубаев, Шу ауданының әкімі