Тұрғындар мәселесі назардан тыс қалмайды

322
 Биылғы жылдың 3 айында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков 16 жеке қабылдау өткізіп, 148 азаматты жеке сұрақтарымен қабылдаған.
Қабылдауда көтерілген сұрақтардың басым көпшілігі тұрғын үй, жер, әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту, жол салу, ауыз су құбырын ауыстыру, көшені сыртқы жарықтандыру, қоғамдық көлік мәселесі, балалар ойын алаңшасын салу, көппәтерлі тұрғын үйді жөндеуден өткізу мәселелері.
Аталған мәселелер бойынша жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне заң аясында жауаптары жолданып, түсініктемелер берілуде.
Қабылдау қорытындысы бойынша оң шешім тапқан кейбір мәселелерге тоқталсақ;
1. «Шалғай Қарасу», Байтана батыр көшесі, №77 үй тұрғыны А.Самиева үйіне газ кіргізуге көмек сұраған. Нәтижесінде газдандыру жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме басшылығына тиісті өтініш жеткізіліп, газ кіргізу ақысын бөліп төлеуге келісілген.
2. «Қарасу» шағын ауданы, №20 үйдің тұрғыны А.Мешитбаева қызының денсаулығына байланысты мүгедектікке шыға алмай жүргені бойынша қайырылған болатын. Осыған байланысты емханада дәрігерлер кеңесі ұйымдастырылып, тиісті зерделеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін, науқасқа «үшінші топтағы мүгедек бала» анықтамасы берілді.
✅Шаһар басшысы өткен жылы 1 178 азаматты жеке сұрақтарымен қабылдаса, алқаптарда 9 рет тұрғындармен кездесті. 9 округте халық алдындағы есеп беру кездесулері өтті. 14 жеке қабылдау өтті.

Тараз қаласының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.