Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату жолымен тұрғын үйді сатуға қатысуға өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

28

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі — Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде 2% және 5% мемлекеттік бағдарламаға қатысуға өтініштер қабылдайтындығын хабарлайды.

Нысандар:

  • «Тараз қаласы, Сүлейменов көшесінің соңындағы 5 қабатты 10 тұрғын үйдің құрылысы. 43 жер телім, 1 белгісі», орналасқан мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ұлы Дала шағын ауданы, 51 үй;
  • «Тараз қаласы, Сүлейменов көшесінің соңындағы 5 қабатты 10 тұрғын үйдің құрылысы. 43 жер телім, 2 белгісі», орналасқан мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ұлы Дала шағын ауданы, 60 үй;
  • «Тараз қаласы, Сүлейменов көшесінің соңындағы 5 қабатты 10 тұрғын үйдің құрылысы. 43 жер телім, 12 белгісі», орналасқан мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ұлы Дала шағын ауданы, 88 үй;
  • «Тараз қаласы, Сүлейменов көшесінің соңындағы 5 қабатты 10 тұрғын үйдің құрылысы. 43 жер телім, 13 белгісі», орналасқан мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ұлы Дала шағын ауданы, 81 үй.

Брондау: «22» қараша 2024 жылғы 10:00 сағ. бастап «28» қараша 2024 жылғы 23:00 сағ. (Астана қаласының уақыты бойынша) дейін.

Іріктеу кезеңі: брондау кезеңі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде — қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.

Маңызды! Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар мәртебесі бар «І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар» санатындағы салымшылардан өтініш берген кезде ҚР Азаматтық Кодексінің 159-бабының негізінде банктік қарыз шарттарын жасасу (толық сатып алуды қоспағанда) мүмкін емес.

Өтініш беру Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Берілген өтініштерді тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 300 (ұялы телефоннан тегін).

Leave A Reply

Your email address will not be published.