Бірлік ауылындағы «Желтоқсан» клубында, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, «Туған жер» бөлімі бойынша танымал ақын-сазгер Болатбек Әбішевтің «Туған жер топырағыңнан нәр алдым» тақырыбында шығармашылық кеші болып өтті. Іс-шараның мақсаты, өскелең ұрпаққа туған жері мен елінің қадірін қастерлеп, оның анадай нәр берген киелі төсінің қасиетін құрметтеп, қорғауға дайын тұратын отансүйгіштік сезімін ояту.
Кешке аудандық мәслихат хатшысы Исабеков Шахикерім, аудандық «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Жамбыл Қалыбаев, ауданның төбе биі Шакизат Акимов, «Биназар» қорының президенті Сағат Алдабергеновтер қатысып отырды. Концерт Мойынқұм ауданының эстрада жұлдыздарының ақын-сазгердің әндерін шырқаумен жалғасын тапты. Кеш соңында мектеп оқушылары автордың өлеңдері бойынша әдеби-монтаждарын көрсетті. Шығармашылық кездесудің шымылдығы кешке қатысушы өнерпаздардың «Ата қоныс – Мойынқұм» әнімен жабылды.Туған жер көкейде жыр толқытып, саз тербейді, оны сыртқа шығармай іште ұстап жүру сөз зерлеп, әуен толғаған жүрекке оңай тимес. Толғағы жеткен бүршіктей гүл жарары анық. Елім деп елжіреген, жүрегі тебіренген, ақын-сазгер Болатбек ағамыздың жыл гүлдері Мойынқұм даласында ғана емес күллі еліміздің өңірінде қауыз ашып жайнай берсін.
Алдыңғы