«ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ ТУРАЛЫ» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

104
Бүгін ауданымызда жойқын жер сілкінісі салдарынан туындағын төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарына басқару органдарын және азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштерін дайындау мақсатында А.Байтұрсынов орта мектебінде, Көлбастау мен Қайрат ауылдарын жалғастыратын ауылішілік көпірінде және Бауыржан Момышұлы саябағында кешенді оқу-жаттығуы өткізілді.
️Ауданның Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар шұғыл топ құрылымдары Орталық алаңда сапқа тұрғызылды. Сондай-ақ, аудан әкімі Мұртаза Жалғас Алижанұлы азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын қарап шықты.
️Ауданда шұғыл азаматтық қорғау қызметтерінің 14 қызмет түрі жұмылдырылды. Жуалы ауданының азаматтық қорғау қызметтерінің құрылымы өртке қарсы, қоғамдық тәртіп сақтау, медициналық, инженерлік, сауда және тамақтандыру, ақпарат, байланыс, көлік, жолдар мен көпірлер, авариялық-техникалық, құтқарушылар, химиялық -радиациялық қорғау, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, жанар-жағармай материалдары қызметкерлері кешенді оқу- жаттығу өткізу барысында қауіпсіздік іс-шараларын тұрақты бақылауға алды. Барлық қызметкерлер өзіне қойылған жұмыстарды толық атқарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.