Төтенше жағдайлар министрі WhatsApp-нөмірін жариялады

171

АСТАНА. ҚазАқпарат –WhatsApp мессенджерінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтің ведомствоның жеке құрамына арналған телефон нөмірі іске қосылды. Министрмен тікелей байланыс желісі 4 қыркүйекте жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сонымен қатар азаматтық қорғау органдарының ардагерлері өз сұрақтарын + 7 747 651 75 88 нөмірі бойынша министрге тікелей жолдай алады.

Сұрақ мәселенің түпкі негізін көрсететін нақты және түсінікті болуы қажет. Хабарламаны жіберген кезде өзі туралы деректерді: аты-жөні мен лауазымын, тұрғылықты өңірді көрсету маңызды», — делінген ТЖМ мәліметінде.

 

inform.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.