Төл мәдениетімізді қазіргі әлемдегі шынайы жағдайға бейімдеуіміз қажет – Президент

40

Жаңа заманда біздің алдымызда жаңа міндеттер тұр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Қазақстанның материалдық және материалдық емес мұраларын халықаралық тізімдерге енгізуге айрықша мән беріліп отырғанын айтты. Бұл жұмыстар ЮНЕСКО-мен ынтымақтастық аясында жүзеге асырылмақ.

«Біз ЮНЕСКО-мен ынтымақтастық аясында Қазақстанның материалдық және материалдық емес мұраларын халықаралық тізімдерге енгізуге айрықша мән беріп жатырмыз. Бұған қоса, түрлі ұлттың барша адамзатқа ортақ білім қазынасына қосқан зияткерлік үлесін көрсететін «Әлем жады» тізіміне деректі мұраларымызды енгізу жұмысын жандандыру қажет. Жаңа заманда біздің алдымызда жаңа міндеттер тұр. Көптеген ел өзінің салт-дәстүрі мен қазіргі инновацияларды өзара үйлестіру арқылы дамудың даңғыл жолына түскенін тарихтан көріп-біліп отырмыз. Сол секілді біз де төл мәдениетімізді қазіргі әлемдегі шынайы жағдайға бейімдеуіміз қажет. Бүгінгі таңда мәдениет және идеология саласы жасанды интеллектінің ықпалымен түбегейлі өзгере бастады. Бірақ оған толық үміт артуға болмайды. Адам факторы әлі де  маңыздылығын жоғалтқан жоқ» – деді Президент.

istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/257243-tol-m-denietimizdi-kazirgi-lemdegi-shynaiy-zhagdaiga-beiimdeuimiz-kazhet-prezident

Leave A Reply

Your email address will not be published.